Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Атырауда ұлттық тағамдар фестивалі өтті

2021 10 15 115903995700

Атырауда “Қазақтың ұлттық асы” тақырыбында аспаздар фестивалі өтті, онда өзге ұлт өкілдері бешбармақ, бауырсақ, қазы, құрт және басқа да қазақ тағамдарын дайындады, – деп хабарлайды ATPress.kz.

Атырау көлік және коммуникациялар колледжінің аумағында алтыбақан, киіз үй орнатылып, қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті таныстырылды. Шарада студенттер қонақтарды ұлттық киімдермен қарсы алды. “Былина” этномәдени бірлестігінің өкілдері қонақтарға қазы, шұбат, тары, талқан секілді тағамдардың дайындау тәсілдері туралы айтып, дәмді бауырсақ дайындаудың құпиясымен бөлісті.

Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының “Қазақтану”мәдени-ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырылды. Шара мақсаты – барлық қазақстандық этностар арасында қазақ халқының мәдениетін, тарихын, философиясын насихаттауға бағытталған.

Exit mobile version