АТЫРАУДАCOVID-19

Атырауда вакцина алған ауыл тұрғындары миллионер атанды

«Екпе ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол!» акциясының мақсаты – халыққа вакцинаның маңыздылығын түсіндіріп, оны өз еркімен алуға ынталандыру, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталмыш науқан аясында «Саspian News» телеарнасында өткен соңғы тікелей эфирде Құрманғазы ауданының екі тұрғыны 3 млн теңгені құрайтын басты сыйлықты ұтып алды.

Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Айман Жармұхамбетоваға аудандық орталық аурухана директоры Гүлсара Мүтиева сертификатты арнайы барып тапсырды. Сертификатта Атырау облысы Азаматтық Альянсы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Әлібек Семғалиевтің қолы қойылған. Ұтыс иесі 30 шілде күні емханаға барып, «Спутник-V» вакцинасының бірінші компонентін қабылдаған. Кейін оған акцияның қаржылай сыйлығына ие болғаны жөнінде қуанышты хабар жеткен.

Акцияның келесі жеңімпазы – Ақкөл ауылдық округінің тұрғыны, Ақкөл ауылдық дәрігерлік емханасының көлік жүргізушісі Насипулла Гарифов. Ол 11 шілде күні «Спутник-V» вакцинасының алғашқы компонентін қабылдап, 29 шілдеде екіншісін салдырған. Оған сертификатты Ақкөл ауылдық емханасының дәрігері Әсел Қабдолова тапсырды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button