Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУДА ЗАҢСЫЗ ЖҰМЫС ЖАСАП ЖҮРГЕН ШЕТЕЛДІКТЕР ҰСТАЛДЫ

dd59b533 6b61 4870 b80a e92c1a3e59d3

Атырау облысында заңсыз еңбек етіп жүрген 9 шетел азаматы анықталды.

1 қыркүйекте басталған “Учаске” жедел-профилактикалық​ іс-шарасы барысында Атырау облысы Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандағы шалғай елді-мекендер мен қыстақтарды тексерді. Нәтижесінде, шалғай жатқан қыстақтарда тіркеусіз жүрген Қазақстан Республикасының 12 азаматы анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабына сай хаттама толтырылды. Сонымен қатар тіркеусіз жүрген 9 шетелдік анықталып, оларға жұмыс беруші тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Exit mobile version