Атырауда жалған вакцинация паспортын алған тұрғындар анықталды

6fa0ad86 3538 42cf 89c9 9a8e7eaff57f

Атырау облысында жалған вакцинация паспортын алған екі тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Құрманғазы ауданы полиция бөлімінде көрінеу жалған құжатты пайдалану дерегі бойынша 2 қылмыстық іс тіркелді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Дәлірек айтқанда, ауданның екі тұрғыны жұмыс жасайтын мекеменің барлық жұмысшыларына Covid-19 ауруына қарсы екпені алу жөнінде нұсқау берілген кезде, белгісіз себептермен екпені алмай, жалған вакцинация паспортын жасатқан. Осы арқылы өздеріне берілген “вакцинация паспортын” тұрақты түрде пайдаланып, “Ashyq” электронды қосымшасына сәйкес, олардың мәртебесі “Қауіпсіз” ретінде бағаланған. Екі тұлға өздерінің жасаған қылмыстарын толықтай мойындап, одан әрі қылмыстық іс Құрманғазы ауданының сотына жолданды. Құрманғазы аудандық сотының үкімімен кінәлі тұлғаларға қатысты айыппұл жазасы тағайындалды.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: