АТЫРАУДА

Атырауда жеке тұрғын үйлердің ауласында сарышаян қаптады

Атырауда жеке тұрғын үйлердің ауласында сарышаяндар пайда болды. Сарышаяндардың пайда болғанына алаңдаушылық білдірген тұрғынның бірі – Данияр Әубекеров.

Қазір ол Атырау қаласындағы «Нұрсая-3» шағынауданында тұрады.

«Қазір сарышаяндар мәселесі көршілердің арасында жиі талқыланатын тақырыпқа айналды. Көршілеріміздің кейбірінің ауласында бұл жәндіктің бірнеше түрі кездескен. Сарышаянның екі адамды шаққаны белгілі болып отыр. Зардап шегушінің бірі – ересек ер адам, екіншісі – бала. Менің балаларым да үйіміздің ауласынан сарышаянды көргенін айтты. Біз оларға сарышаянның қауіпті екені туралы ескертіп қойғанбыз. Сол себептен, олар сақтанып жүрді», – дейді Данияр Әубекеров.
Оның айтуынша, сарышаяндар Атырау қаласы маңындағы Еркінқала, Жұмыскер елді мекендерінде де байқалған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button