Атырауда жоғары қабаттан құлаған сәбидің жағдайы белгілі болды

by Depti
2 views

Атырауда 3-қабаттан құлаған егіздің сыңары хирургия бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырауда 1 жасар егіз балалар 3-қабаттағы терезеден құлап, біреуі көз жұмған еді. Сол кезде егіздің анасы жұмысқа кетіп, әкесі ұйықтап қалған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазір егіздің сыңары аурухананың хиругия бөлімінде жатыр.

«Дәрігерлер егіздің сыңарын толық диагностикадан өткізді. Науқас балақайдың бауыры мен бүйрегі зақымданған. Сол қолы сынған. Қазір жағдайы жақсара бастады. Оған аурухананың хирургия бөлімінде қажетті ем-домның көрсетілуде» – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

inform.kz

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com