АТЫРАУДА

Атырауда жол-көлік оқиғасын жасаған полиция бөлімінің басшысы мас болмаған

Доссор ауылының полиция бөлімінің басшысы жол-көлік оқиғасын жасады, деп хабарлайды «Depti.kz» тілшісі Аtpress.kz-ке сілтеме жасап.

«Нива» қызметтік көлігінде полицейдің болғанын облыстық полиция департаменті растады. Бірақ, ондағылар полиция бөлімінің басшысы мас болғаны жөніндегі ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

«Оқиға қызметтік міндеттемені атқару барысында орын алды. Көлік жолдан шығып кетті. Қызметтік көлікте екі қызметкер болды. Нақты себептері әлі анықталу үстінде» делінген аталған департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button