АТЫРАУДА

Атырауда жыл аяғына дейін 25 үй пайдалануға беріледі

«Қазіргі таңда аймақта 50 үйдің құрылысы жүруде, оның 25-і биыл жыл аяғына дейін қолданысқа беріледі. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте айтты» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Биылғы жылдың 5 айында 291 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, яғни бұл 2 145 пәтер.  Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63%-ға жоғары» деп атап өтті аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Атап өтерлігі, биыл облыста тұрғын үй құрылысы үшін 2 747 жер учаскесіне  инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу бойынша жұмыстар атқарылуда.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг беруде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button