Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Атырауда жыл басынан бері жүзден астам өрт оқиғасы тіркелген

img 20210811 wa0028

Бес адам қайтыс болып, тағы үш адам әр түрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұржан Жақатаев онлайн брифинг барысында мәлім етті.

Өрттің басым бөлігі жеке секторда болды. Сарапшылар өртке негізінен тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезіндегі абайсыздық себеп екенін айтуда. Өкінішке орай, 5 адам қайтыс болды, тағы үшеуі жарақат алды », – деді Нұржан Жақатаев.

Exit mobile version