Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Әбілқайырхан даңғылы бойында Лада Приора көлігі кері бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан Mercedes көлігіне соқтығысқан. Салдарынан Лада Приора көлігінің 1983 жылы туылған жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Mercedes автокөлігінің 1997 жылы туылған жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде…