Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Атыраудың африкалық күйеу баласына шабуыл жасады

rlrlrolr

Нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан атыраулық Заида Жаңабаеваның күйеуі мен жергілікті мас жігіттер төбелесіп қалды. Бірақ олар оқиға орнынан кетіп үлгерді, деп хабарлайды Экспресс К.

Оқиға сенбіден жексенбіге ауған түнде Атырау орталығындағы мейрамханалардың бірінде болған. Заида Жаңабаева нигериялық қайын жұртымен кешкі ас ішіп, көңіл көтереді. Мейрамханадан шыққаннан кейін, бірнеше жігіт нигериялық күйеу балаға тиісіп, балағаттап, тіпті қол ала жүгіреді.

Заида болған оқиғаны толық бейнежазбаға түсірген. Тіпті әлгі қазақ жігітмен нигериялық күйеу жігіттің жаға жыртысқанын да көруге болады. Кейін олар тоқтаған көлікке отырып алған да, оқиға орнынан кетіп қалған.

— Неге құқыққорғау органдарына қоңырау шалмадыңыздар?

Өкінішке орай, мен біздің құқыққорғау органдарына сенбеймін. Бұл жәй ғана уақыт жоғалту сияқты. Шүкір, осыған дейін полицияға да, сотқа да арыз жазбаппын. Олар сені әрлі-берлі сүйрейді. Сотқа берсек, біздің айғақтарымыз жетерлік.

Exit mobile version