Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Атыраудың бас дәрігер орынбасары қамауға алынды

6262

Атырау облысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда экономикалық тергеу департаменті денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрқуат Нудинді қамауға алды. Аталған фактіні ведомствоның баспасөз қызметі растады. Ол облыстық денсаулық сақтау басқармасындағы қызметін 2021 жылдың 1 сәуірінде бастаған. Қаржы басқармасына басшылық еткен.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл жағдайдың медицина ведомствосына қатысы жоқ. Шенеуніктің бұрын облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істегені белгілі. Оған ҚР ҚК-нің уақытша бөтеннің мүлкін иемденгені немесе ысырап еткені үшін жазаны көздейтін бабы бойынша айып тағылады.

Exit mobile version