Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Атырауға жүзден астам медицина маманы келеді

img 20210917 wa0108

​«Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында өткен онлайн брифингте Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова айтты» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

​ «Медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының 106 түлегінің Атырау өңіріне келуі жоспарланған. Жыл басынан бері 34 түлек (26 интерн, 5 резидент, 3 бакалавр) өңірге келіп, мамандықтарына сәйкес медицина ұйымдарына жұмысқа орналасты. Олардың 12-сі ауылдық жерлерде қызмет етуде» деп нақтылады спикер Бақытгүл Хаменова.

Еске сала кетелік, облыстағы мемлекеттік медициналық ұйымдарда 1447 дәрігер, 5093 орта мед персонал қызмет ​ көрсетуде.

​ Қазіргі уақытта​ салаға 219 дәрігер маман жетіспейді. Соның ішінде, ​ жалпы практика дәрігері, анестизиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог мамандарға сұраныс жоғары.

Exit mobile version