Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУЛЫҚ АНА 90 ТЕҢГЕ АСЫП КЕТКЕНІ ҮШІН АТАУЛЫ КӨМЕКТЕН ҚАҒЫЛДЫ

6066de2e4cf80

Атырау тұрғыны Нұргүл АҚТІЛЕУОВА үш баланың анасы, ІІ топ мүгедегі – табысынан 90 теңге асып кеткені үшін атаулы әлеуметтік көмектен қағылған, деп хабарлайды “Ақ Жайық”.

32 жастағы Нұргүл Ақтілеуова – мемлекеттік бағдарлама аясында Атырау қаласындағы Нұрсая мөлтекауданында үй жалдап тұрады. Кішкентай кезінде төртінші қабаттан құлап қатты жарақаттанған Нұргүлдің денсаулығы өсе келе сыр беріп, биыл тіптен жүре алмай қалған. Сол себептен тек наурызға дейін жұмыс істеп, ауруы шыдатпағаннан соң Нұр-Сұлтанға барып, жанбасына ота жасатқан.

Маусым және тамыз аралығында Нұргүл атаулы әлеуметтік көмекті алып тұрған. Ал, қыркүйектен бері көмекті төлемей қойды. – Қыркүйекте жұмыс орнымнан маған 142 мың теңге көлемінде еңбекке жарамсыздығым үшін өтемақы төледі. Мүгедектігіме байланысты 89 мың теңге зейнетақы алдым. Алимент төлемей жүрген жолдасым 50 мың теңге төледі. Осының бәрін есептеп келгенде, белгілі межеден 90 теңге асып кеткен. Ал бұл АӘК төлеуді тоқтатуға негіз болды. Балаларды мектепке дайындау, азық-түлік, пәтерақы мен тұрмыстық шығындар бар  – бәрі аз ақша емес. Енді қыстыгүні әлеуметтік көмексіз отырмыз, – дейді Н.Ақтілеуова. 

Exit mobile version