Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУЛЫҚ АЗАМАТ АНАСЫН БАЛАҒАТТАП, ҮЙІН ҚИРАТҚАН…

2019 9 izbil sud

Отбасында үнемі жанжал тудырған тұлға бақылауға алынды.

Атырау каласының 1979 ж.т., тұрғыны жиі алкогольдік ішімдік ішіп,жанжал шығарып,үйіндегі тұрмыстық заттарды сындырып, заңды некедегі жолдасын екі бірдей баласымен бірге үйінен қуып жіберген. Одан кейін аталған азамат туған анасының үйіне барып, үйінің терезесін сындырып, боқтап-балағаттаған. Осы жағдай бойынша анасы 1958 ж.т., азаматша полиция қызметкерлеріне шағымданған. Тексеріс барысында аталған азаматтың бұрын соңды да дәл осындай құқықбұзушылықты бірнеше рет жасағандығы белгілі болды.

43 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 2 бөліміммен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақтаған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Сот шешімімен аталған азамат 8 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, алты ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салу жөнінде мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленіп, Ішкі істер органдарының есебіне алынды.

Қазіргі уақытта ол полиция қызметкерлерінің бақылауында.

Exit mobile version