АТЫРАУДА

Атыраулық екі тұрғын төлем жасаған кейіп танытып, дүкеншіні алдап кеткен

Атырау қаласының 19 жастағы тұрғындары дүкеннен екі дана электрондық темекі сатып алуға ниет білдіріп, оны алаяқтық жолымен иемденген. Олар төлем жасау кезінде KaspiGold қосымшасы арқылы басқа чекті көрсетіп, оқиға орнынан кетіп қалған.

Атырау қаласы полиция басқармасының қызметкерлерінің мәлімдемесіне сүйенсек, олар алдымен аталған дүкенге кіріп, сауда жасаған. Дүкеншіден электронды темекі құрылғысын көріп, бағасын сұрап шығып кеткен. Бірер минуттан кейін қайта кіріп, KaspiGold қосымшасымен төлем жасаған кейіп танытып, бұрын жасалған чекті көрсетіп, затты алып оқиға орнынан кетіп қалған. Бұл әрекеттері бейнекамераға түсіп қалыпты.

Осы орайда, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев алаяқтардан сақтану керектігін еске салады. Төлем жасалғаннан кейін міндетті түрде тексеруді ұмытпаңыз.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button