ПАРАЛИМПИАДА: Атыраулық спортшы 1 қыркүйекте тағы да сынға түседі

Ержан Сәлімгереев Паралимпиада ойындарында алтыншы орын алды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Токио Паралимпиада ойындарында жүзу бәсекелері жалғасуда. 50 метрде баттерфляй әдісімен жүзуде жерлесіміз Ержан Сәлімгереев жүлдеге іліге алмады.

Ержан 33,14 нәтижесімен іріктеу кезеңін жетінші орынмен аяқтады. Ал финалда 32.53 нәтижесімен алтыншы келді.

Айта кету керек, Ержан 1 қыркүйек күні 100 метрде баттерфляй әдісімен жүзуде бағын сынайды.

Exit mobile version