Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУЛЫҚ ҰСТАЗДАР АЛДА КЕЛЕДІ

img 20210921 wa0015

📚✔ ОБЛЫСТЫҢ БАС ПЕДАГОГЫ АШЫҚ САБАҚҚА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ.

Атырау қаласындағы химия-биология Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейлі 30 жылдығына арналған «Жасампаздық пен даму жылдары» атты ашық сабақ өтті. Шараға Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев, облыстық әдістемелік орталық директоры Дана Баймашева мен Педагогикалық шеберлік орталығының басшысы Талаш Оңғарова қатысты. Тәуелсіз елдің өткені мен болашағы сөз болған ашық сабаққа бір мезетте аймақтағы 42 жетекші мектептен мыңға жуық оқушы қосылды. Олар Семей полигонының жабылуын ұлттық және әлемдік деңгейде қарастырды. Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы үлесі жайында Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларынан мағлұмат алды. Ашық сабақта Тәуелсіздік құрдастарының пікірі тыңдалып, оқушылар 2050 жылы Қазақстанның қандай болатыны жайында ой білдірді. Ал мектеп жанындағы көлеңкелер театрының «Менің Қазақстаным!» қойылымы көрермендерге туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялатуға сеп болды.

– Ата-бабаларымыздың аңсаған асыл арманы – Тәуелсіздігіміз біздің ең үлкен бақытымыз, байлығымыз. Оны көздің қарашығындай сақтау, егеменді елді одан әрі көркейту сіздерге аманат. Ашық сабақ өте жоғары деңгейде өтті және өз мақсатына жетті. Менің мұғалім ретінде қоятын бағам «бес», – деді облыстың бас педагогы Сатқан Ыбырайұлы.

Exit mobile version