Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Атыраулық жасөспірімдер түн ортасында не істеп жүр? (+ВИДЕО)

whatsapp image 2021 09 23 at 233046

Атырауда жасөспірімдердің түнгі уақытта көшеде жүргені үшін 22 ата-анаға ескерту берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021-2022 жаңа оқу жылы басталуына орай отбасында тәрбиеленуші балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау және ескерту, олардың жыныстық тәуелсіздігін қорғауға бағыттала отырып, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу және құқықтық сауаттылығын арттыру, оқумен қамтылуы бағытында 22-25 қыркүйек аралығында “Жанұя және бала” жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара кезінде Ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен түнгі сағат 23:00 кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүрген 23 жасөспірім анықталып, 22 ата-анаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлімімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік хаттамалар толтырылып, ескерту берілсе, 1 ата-анаға жасөспірім баласы аталған құқық бұзушылықты бір жыл ішінде бірнеше рет қайталап жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 3-бөлімімен (Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Мысалы, 22 қыркүйек күні сағат 00:35 шамасында Нұрсая ықшам ауданында түнгі сағат 23:00 кейін ата-анасының еріп жүруінсіз жүрген 17 жастағы жасөспірім анықталып, оның ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.

Одан басқа, кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамаған төрт ата-ана анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Exit mobile version