Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУЛЫҚТАРДЫ ТРАМАДОЛМЕН УЛАП ЖҮРГЕН КІМ? (+ВИДЕО)

a72d40d0 302f 4db7 ad5e b88f9290377d

Трамадол дәрісін заңсыз сатумен айналысқан 23 жастағы атыраулық қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 11 қыркүйек күні Атырау облысы ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Дәрмек” профилактикалық іс-шарасы кезінде Атырау қаласы Азаттық даңғылындағы көшелердің бірінде 23 жастағы азаматшаның қала аумағында заңсыз 50 дана трамадол және трапикамед дәрі-дәрмектерін заңсыз сатып жүргендігін анықтады, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Қазіргі уақытта 23 жастағы қызға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналысы саласының қағидаларын бұзу) фактісі бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне шешім қабылдау үшін іс-құжаттар жолданды.

Exit mobile version