Site icon Ақпараттық-танымдық портал

АТЫРАУЛЫҚТАРҒА ТЕГІН БАСПАНА БЕРІЛУДЕ…

key

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жұмыс сапарымен келіп үш отбасыға үйдің кілтін табыстады.

Бұл жолғы баспана діни салада белсенді қызмет етіп, нәтижелі жұмыс істеп жүрген жас дін қызметкерлеріне бұйырды.

«Діни басқарма жас ұстаздар мен имамдарға өз мүмкіндігі аясында барынша қолдау көрсетіп келеді. Жаратушы Жаббар Иеміз жаңа үйлеріңізге жақсылығын жаудырсын. Сіздерді діни салада белсенді қызмет етуге шақырамын. Алла осы шаңырақтың ішін жанға, сыртын малға толтырғай. Әмин», — деп Наурызбай қажі өз тілегін білдірді.

453, 454 және 455-ші пәтер жас ұстаздар мен имамдарға «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында беріліп отыр.

Exit mobile version