Кафе ішінде 37 жастағы азаматты пышақтаған күдікті ұсталды.
04 ақпан күні сағат 01:30 шамасында Баймұханов көшесінде орналасқан кафелердің бірінің ішінінде 1985 ж.т., және 1981 ж.т., екі қала тұрғыны өзара келіспей қалып төбелесіп, 41 жастағы азамат 37 жастағы азаматтың ішінен және кеудесінен үшкір затпен жарақат салған. Оқиға салдарынан 37 жастағы азамат облыстық ауруханаға жеткізілген.
№2 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері 41 жастағы күдіктіні ұстап, одан қалта пышағы тәркіледі.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106 бабымен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.