АТЫРАУДА

Атышулы іс бойынша үкім жарияланды

Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Тимур Басаровтың атышулы ісі бойынша үкім жарияланды. Н.Таубаев 10 жылға, Т.Басаров 5 жылға сотталды.

Сәл кейінге шегініс жасасақ… Атырау облысының Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында «Игілік» бағдарламасы бойынша аурухананың құрылысы басталған еді. Жобаның жалпы құны – 5,3 млрд теңге. Шығынды өңірдегі салық төлеуші ең ірі компания «Теңізшевройл» көтеріп алады. Таубаев пен Басаровқа «бәле» болып жабысқан да осы құрылыс еді. Міне, қос экс-шенеуік Құлсары қаласындағы 200 орындық жаңа аурухана кешенін пайдалануға қабылдау актісіне қол қоюға жәрдемдескені және жалпы қамқорлығы үшін «Теңізшевройл» компаниясының ірі тендерін жеңіп алған құрылыс компаниясынан алдын ала сөз байласу арқылы 185 млн. теңге сомасында аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. ​

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button