АТЫРАУДА

БАЛАБАҚША МЕН МЕКТЕПТЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКА ТАҒУ ҚАЖЕТ ПЕ?

Қазіргі таңда желілерде балабақша мен мектептерде медициналық маска кию қажет деген ақпарат тарауда. Бұл сауалға қатысты Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев жауап берді.

«Мектептер мен балабақшаларда маскамен жүру деген хабар дұрыс емес. Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан мұндай тапсырма берілген жоқ. Егер балаңыз ауырып қалса, дәрігерге көрсетіңіз. Балабақша мен мектепке жібермеңіз», – деді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев.

Айта кетейік, ресми ақпараттың барлығын Денсаулық сақтау министрлігі мен Департаменттің Фейсбуктегі парақшасынан оқу керек. Туындаған сұрақтарды тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталыққа 1406 нөмері бойынша қоңырау шалуға болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button