Ақпараттық-танымдық портал

БЕКІРЕ ШАБАҒЫ ҚОЛДАН ҚАЛАЙ ӨСІРІЛЕДІ?

cof

✅Балығы тайдай тулаған Атырауда бүгінде бекіре балығын өсіруге көп көңіл бөлінуде, деп хабарлайды Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

🐟Осы орайда, көпшілікті шабақтың қолдан қалай өсірілетіні қызықтыратыны айтпаса да түсінікті. Олай болса, толыққанды баяндап берейік. Бұл үшін балық өсірушілердің көмегіне жүгінуге тура келеді…

⭕«Атырау бекіре балық өсіру зауыты»  ашылғалы осында инженер-ихтиолог болып еңбек етіп келе жатқан Гүлшат ШАЙДУЛЛИНА балық өсірудің қыр-сырын жетік меңгерген. Ендеше, шабақ қалай шығады?

bekirebalyk 5
cof

🔵– Көктемнің басында, яғни, наурыз айында бекіре балығы аулана бастайды, – дейді Гүлшат Үмбетқызы. – Бұған, алдымен, Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасы ресми рұқсат береді. Осы орайда, айта кету керек, бағалы балық аулаушыларға қара балықтарды аулауға рұқсат етілмейді. Сөйтіп, шамамен маусымның ортасына дейін күн-түн демей алты жерден ау тартылады. Осындайда балықшылардың еңбегін ерліккке баламасқа болмайды!

🔴Ауға түскен аналық және аталық балықтар тыңғылықты тексеріліп, екеуі екі бөлек хауызға жіберіледі. Әсіресе, олар мекендейтін табиғи ортаның температурасына аса зор мән беріледі. Бір қызығы, бекіретұқымдастардың бес түрі болса, солардың әрқайсысы әртүрлі температурада тіршілік етеді. Мәселен, қорытпа 9-12, бекіре 11-12, ал, шоқыр 18-22 градуста емін-еркін жүзеді. Сәйкесінше, тоған мен хауыздағы су температурасы да осы көрсеткіштерге сәйкес келуі керек. Бұл – ең басты және маңызды талап. Әйтпесе, уылдырық жарамсыз болып қалады.  

🔘Ауланған аналыққа жасанды жолмен толғақ шақыратын арнайы екпе жасалады. Содан соң бесік сияқты шайқалып тұратын (түр-сипаты да баланың бесігіне ұқсайды) арнайы аппаратқа салып, аталық ұрықпен бірге 45 минут бойы бүлкілдетеміз.

⚪Уылдырықтың бір түйірінен бір балық шығатыны белгілі. Алдымен құйрығы пайда болады. Кейін екі көзі көріне бастайды. Сатысымен екі, төрт, алты, сегіз, соңында он бөлікке бөлінеді. Үш-төрт күн ішінде жанданып шыға келеді. Ал, күнде тамақ жейтін дәрежеге жетеді. Оларды ақ және қызыл құрттармен қоректендіреміз. Қызыл құрт дегеніміз – кәдімгі жауын құрты (шұбалшын).

☑️Шабақ хауыздан тоғанға көшіріліп, онда 60-70 күн өмір сүреді. Салмағы 3-5 грамм жинай бастағанда Жайыққа жібереміз. Айтпақшы, бұл жолы шабақтардың салмағы 24 грамға дейін жеткенін айрықша атап өткен жөн.

*Суреттерді басқарманың баспасөз қызметі ұсынды

cof
Exit mobile version