АТЫРАУДА

«БЕРЕКЕ» ТҰРҒЫН ҮЙІНДЕГІ МӘСЕЛЕ ҚАЛАЙ ШЕШІЛУДЕ?

Бұл туралы қала әкімі Қайрат Оразбаев өзінің әлеуметтік желісінде айтты.

Оның айтуынша, тұрғын үйлердің көгілдір отынмен қосылмауы және де бұдан өзге шағымдар жауапты мекемелермен бірге қаралған.

«Ортақ 8 газ құбыры желісінің 6-ы қосылды, кейбір пәтер иелері жоқ. Алайда, жұмысты жалғастырамыз, ал кейбір пәтер иелері газ беру ережелерін бұзып, газ желілерін өз еріктерімен алмастырып қосымша мәселелер туындатты. Лифттерін қосу жұмыстары басталды. Тұрғын үйдің сапасына үлкен шағымдар бар, мердігерлер олар бойынша тиісті жұмыстарын атқарады. Жалпы, қалада қолданысқа берілген тұрғын үйлердің сапасына қатысты көптеген келеңсіз жағдайлар бар және бұл мәселе жақын күндері бөлек айтылатын болады. Жоғарыда аталған үйге газ беру жұмыстары аяқталғаннан кейін біз № 29 үйді, содан кейін «Жұлдыз» ықшам ауданында жұмыстарды жалғастырамыз», – деп жазады қала әкімі Қайрат Оразбаев.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button