«Boeing-767» маркалы ұшағы техникалық себептерге байланысты Атырау қаласына қонды.
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні 21 сағат 35 минутта Атырау халықаралық әуежайына №917 рейсі бойынша «Нұр-Сұлтан-Ытамбул» бағытындағы «Boeing-767» маркалы ұшағы техникалық себептерге байланысты (жанар-жағармай жүйесінің ақаулығы) мәжбүрлі түрде қонды.
Ұшақ «Air Astana» әуе компаниясына тиесілі, бортта 205 жолаушы оның ішінде 5-і бала және 5 экипаж мүшесі болған.
Ұшақта болған 4 жолаушы Атырау қаласында тұратын туыстарының үйлеріне кетті, 2 жолаушы басқа ұшақпен Нұр-Сұлтан қаласына ұшып кетті, қалған 199 жолаушы «Air Astana» әуе компаниясының әкімшілігі тарапынан қарастырылған «SULO Hotel» қонақ үйіне орналастырылды.
Қазіргі уақытта ұшаққа техникалық қалыпқа келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
24 қыркүйек күні сағат 14.00-де “Boeing-767” маркалы ұшағының Ыстамбұл қаласына ұшуы жоспарлануда.
“Атырау облыстық ТЖД, Қоғаммен байланыс тобы”