10 пациент ӨЖЖ аппараттарына қосылған деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 1307 адам ем қабылдауда.
Жүктеме 49,6 % құрайды (2632 төсек-орынға).
Реанимация бөлімшелерінде 66 пациент жатыр, олардың 10 ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Жүктеме 58,4 % (113 орынға) құрайды.
Атырау облысындағы 2021 жылғы 26 шілдедегі эпиджағдай бойынша ақпарат:
✅Бір тәулікте 420 адам Covid-19 жұқтырды;
✅ 1 307 науқас инфекциялық стационарларда ем алуда;
✅ Covid-19 анықталған 66 науқас реанимацияда жатыр;
✅ Реанимация бөлімшелерінде 10 адам ӨЖЖ аппараттарына қосылған;
✅ 3 443 пациент үй жағдайында емделуде;
✅ 257 адам Сovid-19-дан емделді;
✅ Covid-19 қарсы вакциналардың I компонентімен 134 737 адам егілді;
✅ Covid-19 қарсы вакциналардың II компонентімен 83 831 адам егілді.