Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Covid-19: Атырауда соңғы тәулікте 317 науқас анықталды

0 28

Атырау облысында бір тәулікте 317 адам Covid-19 жұқтырған.

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 317 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 176 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 41 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 25 жағдай, Индер ауданында – 11 науқас анықталған, Исатай ауданында – 25, Қызылқоға ауданында – 14, Құрманғазы ауданында – 11, Мақат ауданында – 17, Махамбет ауданында – 7 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 206 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 111 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 553 адам емделді.

Қазір 8 054 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 193, екінші облыстық ауруханада – 184 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 63, кардиоорталықта – 94, т/ж ауруханасында – 86 адам ем алуда, облыстық ауруханада – 93, жатақханада – 78,
аудандық инфекциялық стационарларда – 309. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 574 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы “қызыл” аймақта.

Covid-19: 102 науқастың жағдайы ауыр

10 пациент ӨЖЖ аппараттарына қосылған деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 1 674 адам ем қабылдауда.
Жүктеме 55,6 % құрайды (3012 төсек-орынға).

Реанимация бөлімшелерінде 102 пациент жатыр, олардың 10 ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Жүктеме 82,9 % (123 орынға) құрайды.

Соңғы тәулікте Атырау облысының 2 551 тұрғын екпе алды

Өңірде халықты covid-19ға қарсы  жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

26 тамыз  бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 2 551 жергілікті тұрғын алды.

Екпе алғандардың қатарында: 28 дәрігер, 89 педагог, 112 студент, 8 жабық мекеме, 7 құқық қорғау орган қызметкерлері, 29 мемлекеттік қызметші, 154 созылмалы ауруы бар науқастар, 2 124 жергілікті тұрғын.

2021 жылғы 1 ақпан мен 26 тамыз аралығындағы кезеңде барлығы 186 874 адам Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 134 903 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы  вакциналар  туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92

Exit mobile version