АТЫРАУДА

Дәурен Абаев: «Идеология саласындағы түйткілдің бәрін «Алтын Ордамен» байланыстырудың қажеті жоқ»

Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ұлы ұлыс – Алтын Орда»халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

“Идеология саласындағы түйткілдің бәрін «Алтын Орда» шешеді деуге болмайды. Бұл – төл тарихымызды шынайы тәуелсіз және егемен мемлекет ұстанымы тұрғысынан түсіндіру бойынша идеология саласында атқарылып жатқан ауқымды әрі кешенді жұмыстың бір бөлігі ғана”, деді ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев.

Еске сала кетелік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өтіп жатқан «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» халықаралық ғылыми – практикалық конференциясына 30-дан астам отандық және 10-нан астам шетелдік ғалымдар қатысуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button