Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Ел ертеңі бүгіннен басталады

1515990691 article b

Қазіргі әлемдегі ахуал тез өзгереді. Әп-сәтте дүние құбылып, ұстараның жүзіндей аударылып-төңкеріле салады. Ал мұндай кезеңде батыл бастамалар аса қажет. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата заңға өзгеріс енгізу туралы бастамасы «ертеңгі заманға лайық ел болсақ, мемлекетіміз болашақта дәулетті, дамыған ел болса» деген мақсаттан туындап отыр.

Конституция елдің, мемлекеттің даму бағдарын, бағытын айқындайтын, тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты құжат. Ал ұсынылып отырған өзгерістер сол алдағы дамудың негізгі қозғаушы күші деп білемін. 

Қазақ елінің даму тарихында жаңа кезеңге аяқ басқан тұсында мемлекет басшысының конституциялық реформаларды ұсынуы және оны «референдум» арқылы жалпыхалықтық қолдауға беруі ерекше қадам деп білемін. Бұл өзгерістердің қазақ елін жаңа биіктерге бастайтынына сенімдімін.

Алдымызда тұрақтылықты, тәуелсіздікті сақтап, елімізді жаңғырту, одан әрі демократияландыру міндеті тұр. Бұл игі бастама бәріміздің белсенділік танытуымызды қажет етеді. Референдум өткіу туралы  ұсыныс аса пәрменді саяси жаңашылдық, қоғамдағы әлеуметтік ахуалдың күрделенуіне, саяси үдірістің жаңа бағытына көшу болып табылады. Бұл халқымыздың бірлігі мен келісімін нығайтуға бағытталған, демократияны жандандыруға тың серпін беретін бастама. Иә, келешегін ойлаған ел алдында осындай мақсаттар болуы тиіс-ақ…

Жанна ШАЯХМЕТОВА,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау  университеті қылмыстық құқық пәндері кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты

Exit mobile version