Site icon Ақпараттық-танымдық портал

ХАЛЫҚ САНАҒЫ – 2021: облыс халқының 38,5%-ы онлайн режимде өтті

2021021114114775493 sana

2021 жылдың 4 қазанына дейін облыс бойынша халық санағынан 255 580 тұрғын онлайн режимде өтіп, облыс халқының 38,5%-ы қамтылды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның ішінде 87,9% немесе 224 635 адам тікелей sanaq.gov.kz сайты арқылы, 25 426 адам (9,9%) egov.kz порталы арқылы, 5 519 (2,2%) адам Aitu мобильді қосымшасы арқылы санақ парақтарын толтырған.

Бұл туралы брифингте ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Галя Мұханғалиева мәлімдеді.

Exit mobile version