Site icon Ақпараттық-танымдық портал

IV «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

66033ddc 1d03 426a 88e6 e89e1e226e4e

«Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы (бұдан әрі – Байқау) халықтың азаматтық бастамаларын жандандыруға және мейірімділік, қамқорлық пен гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Байқау жыл сайын өткізіледі және номинациялар бойынша лауреат атағын алған Байқауқатысушыларынастатуэткалар мен диплом ұсынуды көздейді.1. БАЙҚАУ МАҚСАТЫ

Қайырымдылық пен белсенді азаматтық бастаманы танымал ету.2. БАЙҚАУДЫҢ  МІНДЕТТЕРІ1. Қазақстандағы қайырымдылықтың дамуын ынталандыру.2. Өзара көмек көрсетудің ұлттық дәстүрлерінің жаңғыруына ықпал ету.3. Қоғамдық санада заманауи қайырымдылық жасаушы идеалын қалыптастыру4. Халықтың қайырымдылық қызметі туралы қоғамның  хабардар болуын арттыру.5. Өскелең ұрпақты қазақстандықтардың ең жақсы қасиеттерін бейнелейтін мінез-құлық нормалары мен қағидаттарына тәрбиелеу.3. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

1. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры; 

2. Қазақстанның Іскер Әйелдер Қауымдастығы;

3. Қазақстан Республикасы ПрезидентініңІсБасқармасы Медициналық орталығы «Оқжетпес» ЕСК» АҚ;

4. «Хабар» Агенттігі»;

5. «КТК» Республикалық телеарнасы.4. ҚАТЫСУШЫЛАР

Байқауға белсенді азаматтық ұстанымы,қайырымды істерімен және әрекеттерімен әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешуге үлес қосатын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін тапсырыс жеке немесе заңды тұлғаның атынан ұсыну арқылы жүргізілуі мүмкін.

Байқауға қатысушылар жеке мәліметтері мен қызметі туралы ақпаратты конкурс Ұйымдастырушыларына байқаудыҰйымдастырушылардың қалауы бойынша өткізу және жариялау шеңберінде пайдалануға келісіммен құқығын береді.

Байқауға орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қайырымдылық қызметі мемлекеттік қолдаумен байланысты (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және басқалар) жеке және заңды тұлғалар қатыса алмайды.

5. АТҚАРУШЫ КОМИТЕТ

Байқауды ұйымдастырушылар конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Атқарушы комитет құрады, оның құрамы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, Қазақстанның Іскер Әйелдер Қауымдастығының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының, «Хабар» Агенттігінің және «КТК» телеарнасының өкілдерінен тұрады. Атқарушы комитет қатысушылардың өтінімдерін қабылдайды және қарайды, қайырымдылық қызметін растайтын құжаттардың дұрыстығын тексереді және құжаттарды Комиссияның қарауына ұсынады. 6. КОМИССИЯ

Комиссия көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінен, меценаттардан, ғылым, мәдениет және БАҚ өкілдерінен құрылады. 7. ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

Байқауды өткізу туралы хабарландыру «Хабар», «КТК» телеарналарының эфирінде және ұйымдастырушылардың корпоративтік әлеуметтік желілерінде орналастырылады.

Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының өңірлердегі өкілдері облыстар мен Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы әкімдіктермен келісе отырып, қатысушыларды іздеу және материалдар жинау үшін жұмыс топтарын құрады.

Әр номинация бойынша 7 (жеті) қатысушыдан аспайтын қатысушыларға арналған материалдарды жұмыс топтары Атқару комитетіне жібереді.

Атқару комитетіне ұсынылған материалдарға қосымша тексеру жүргізеді және қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұралады. Атқару комитеті іріктеуінен кейін материалдар комиссия қарауына жіберіледі.

Комиссия Байқау жеңімпаздарын дауыс беру арқылы анықтайды. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Түркістан қаласында кемінде 500 қонаққа арналған салтанатты жағдайда өтеді. 

Байқау жеңімпаздарының есімдері республикалық және жергілікті электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының жаңалықтар бағдарламалары эфирінде жарияланады.

Байқауға өткен жылдың жеңімпаздары мен ұйымдастырушылардың өкілдері, сондай-ақ ұйымдастырушылардың ведомстволық бағынышты ұйымдары мен аумақтық бөлімшелерінде жұмыс істейтін тұлғалар қатыса алмайды.

8. НОМИНАЦИЯЛАР

Байқау лауреаттары келесі номинациялар бойынша анықталады:1. «Асар» номинациясы халықтың салт-дәстүрімен байланысты қайырымдылық қызмет көрсететін тұлғаға беріледі. 2. «Туған жер» номинациясы білім беру, экология, көркейту, мәдени объектілерді қалпына келтіру салаларында туған өлкеге көмек көрсететін тұлғаларға беріледі. 3. «Батыл жүрек» номинациясы ерлік пен батылдық көрсеткен номинация лауреатына беріледі. Бұл номинацияда жеңімпаздың қосымша атауы төтенше жағдайлар қызметкерлерінің арасында белгіленуі мүмкін (төтенше жағдайлар, ІІМ, жедел жәрдем және басқалар).4. «Мейірім жолында» номинациясы белгілі бір уақыт аралығында тұрақты ақысыз көмек көрсеткен лауреатқа беріледі5. «Қайырымдылық тарихы» номинациясы БАҚ-та қайырымдылық тақырыбын ең жақсы қозғағаны, қоғамның назарын әлеуметтік мәселелерге аудартатын материалдардың жариялануы үшінжурналистке және шығармашылық ұжымға беріледі.6. «Бала жүрегі» номинациясы төтенше жағдайларда адамдарды құтқарудағы ерлігі мен батылдығы үшін, қайырымдылық шараларына және еріктілер қозғалысына қатысқан 6 мен 18 жас аралығындағы лауреатқа беріледі.7. «Жануарға мейірім» номинациясы жануарлар құқықорғаушысы болып табылатын, олардықамтитын, сонымен қатар жануарлар әлеміне қайырымдылық пен мейірімділікті насихаттайтын лауреатқа беріледі. 9. ІРІКТЕУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

1. Қазақстан аумағында қайырымдылық және әлеуметтік қызметті ерікті түрде жүзеге асыру. 

2. Көрсетілген көмек пен шешілетін мәселенің өзектілігі.

3. Қамту ауқымы. 

4. Мәселелерді шешудің жеделдігі мен қарапайымдылығы. 

5. Нақты нәтижеге қол жеткізу. 10. ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

1. Қатысушы туралы ұсыныс-хатты жеке немесе заңды тұлға толтырады. 

2. Қатысушының өмірбаяны немесе қайырымдылық қызметі туралы қысқаша ақпарат.

3. Қатысушының фотосуреті немесе логотипі (JPEG пішімі).

11. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ

​Мерзімі:

1. Қатысушыларды іздеу және материалдарды жинау (жұмыс тобы) – 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 30 қарашасына дейін. 

2. Қатысушыларды іріктеу (Атқарушы комитет) – 2021жылдың 1 желтоқсанымен 31 желтоқсан аралығында.

3. Комиссия отырысы. Жеңімпаздардыанықтау(комиссия) – 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін.

4. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі – 2022жылдың 26 ақпаны.

Өткізу орны:

1. Қатысушыларды іздеу және материалдарды жинау – облыстық әкімдіктер мен Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының әкімдіктерінде (келісім бойынша).

2. Қатысушыларды іріктеу (Атқарушы комитет) – Нұрсұлтан Назарбаев Қорында, Нұр-Сұлтан қаласы. 

3. Комиссия отырысы – Нұрсұлтан Назарбаев Қорында, Нұр-Сұлтан қаласы.

4. Лауреаттарды салтанатты марапаттау рәсімі – Түркістан қаласы.

«Қайырымдылық керуені» 

Республикалық конкурсының 

Ережелеріне Қосымша 1

Қатысушы туралы ұсыныс-хат                                                             

Қатысушы_____________________________________________

Номинация атауы (1-ден артық емес) __________________________________

Жеке тұлғаның туылған күні/Заңды тұлғаның құрылған күні______________

Жеке тұлғаның туылған жері/ Заңды тұлғаның орналасқан жері  __________________________________________________________________

Оқу/жұмыс орны (жеке тұлға үшін) __________________________________________________________________

Пошталық мекен-жайы (облыс, қала, көше, үй, пәтер) __________________________________________________________________

Байланысатын тұлға ________________________________________________

Ұялы телефон нөмірі________________________________________________

Электронды пошта (e-mail) ___________________________________________

Күні: ____________                      

«Қайырымдылық керуені» 

Республикалық конкурсының 

Ережелеріне Қосымша 2

Қатысушының өмірбаяны / қатысушы туралы ақпарат

(жеке тұлғалар үшін)                    (заңды тұлғалар үшін) 

Өмірбаян/қатысушы туралы ақпарат еркін нысанда, оның аты-жөні/атауы, туған/құрылған күні, тұрғылықты жері/орны, жұмыспен қамтылуы, қатысушының наградаларының бар-жоғы және жетістіктері туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып толтырылады.

Осы арқылы қатысушылар Ұйымдастырушыларға жеке деректерді және олардың қызметі туралы ақпаратты Ұйымдастырушылардың қарастыруы бойынша конкурсты өткізу және жариялау шеңберінде пайдалануға келісім мен құқық береді.

Қайырымдылық қызмет туралы ақпараттық хабарлама

(жұмыс тобымен толтырылады)

Ақпараттық хабарламада қайырымдылық көмек туралы қысқаша анықтама жазылады (кімге, қашан және қандай жағдайда көмек көрсетілді).

Exit mobile version