Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Мұқтаж отбасыларға кәсіпкерлерден көмек сұрағаны үшін жауап бермек…

faf90f34ddd3fa6d850c3d1b50bea1d6

Атырауда жұмысқа қабылданған әр шетелдіктен 500 мың теңге пара алды  деген күдікке ілінген шенеуніктің кінәсі дәлелденбеді.

Атырау облыстықжұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы  Серік Қамидоллаға қатысты сот отырысы күдіктінің қан қысымы  көтерілуіне байланысты 15 сәуірге қалдырылды.

Ал оған тағылған пара алды және алаяқтық жасады деген айыптар алынып тасталды. Өйткені, осы 2 бап бойынша Серік Камидолланың кінәсіз екендігі анықталған.  Бірақ, басқарма басшысына қызметтік өкілеттілігін басқаларға пайда әкелу мақсатында пайдаланды деген кінә тағылып отыр.

Нақтырақ айтсақ, кәсіпкерлерден көмекке мұқтаж отбасыларға қол үшін созуды сұрағаны үшін сот алдында жауап бермек.

Нұрлан  ЖОЛБОЛОВ, адвокат:

Тергеуде қорғау тарапының стратегиясы түгелдей айқындалды. Бүкіл уәждеріміз орындалды. Сол себептен тергеу орындары біздермен келісіп,пара алу және алаяқтық  деген статьяларды жоққа шығарды. Онымен прокуратура қызметкерлері келісті. Күні бүгін сотқа жеңілдеткен тергеп-тексеру ретінде іс жолданды.

“caspianlife.kz”

Exit mobile version