Кісі өліміне әкелген «Қаңтар қырғынындағы» қылмыстық іс тоқтатылды

5 қаңтарда Атырау облыстық әкімдігі ғимаратының артындағы митингте жергілікті тұрғын Алмаз Берекеновке оқ тиіп көз жұмған болатын. Алайда оның өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс аяғына жетпей тоқтатылды, depti “Ақжайық” сайты. 

Іс бойынша жәбірленуші Жаннат Берекенова полицияға 27 қаңтарда арыз беріп, жиенінің өліміне кінәлі адамды тауып, заң бойынша жаза тағайындауды талап етті. Қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі «Кісі өлтіру” бойынша қозғалды. Оны Атырау облысы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға тергеушісі Дәурен Айдосынов жүргізді. 29 сәуірде ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды. Бұл мәліметті Жанар 21 маусым күні ғана білген.

“21 маусымда маған полиция департаментінен хат келді. Онда 23 мамырда белгіленген іс тоқтатылғаны жазылған. Келесі күні таңертең тергеушіге қоңырау шалдым. Ол хаттың 16 маусымда жіберілгенін айтты. Мен одан неге істің тоқтатылатынын алдын-ала хабарламағандарын сұрадым. Шын мәнінде, менің ағамды атып өлтірген полициядің кім екені тергеу барысында анықталған болатын. Ол тіпті менімен де, отбасымызбен де кездесіп, көңіл айтқан жоқ. Мен онымен кездесуді талап етемін. Неліктен ол кем дегенде кешірім сұрамайды?” деді Жанар Берекенова.

Ол ағасын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмесін полиция департаментінен 23 маусымда әрең дегенде алғанын айтады. 

“Полиция департаменті бастығының орынбасары Әділхан Теміржанұлы Байдосовқа хабарласып, қаулыны алдым. Ол мені қабылдады. Мен одан кінәлі адамның неге бізбен кездесіп, кешірім алмағанын сұрадым. Сауалдарымның орынына тек кешірім сұрай берді. Басқа ештеңеге жауап қатпады”, – деп қосты Берекенова.

Бұл атысты жасаған полиция қызметкері қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде емес, куәгер ретінде қатысқан. Жауап алу кезінде ол оқ атардf қарсыластың басынан емес бүйіріне көздегенін, алайда ол атылғанда айналып барып тигенін мәлімдеді. Тергеуші Айдосынов Беркеноваға іс бойынша полицейдің өзін-өзі қорғауға құқығы болғандықтан куәгер ретінде қатысқанын, прокуратура қарудың өзін-өзі қорғау үшін қолданылғанын және бұның заңды әрекет екенін жеткізген.

Берекенова қылмыстық істі тоқтату туралы шешімді заңсыз деп тану және әділ тергеу жүргізу талабымен прокуратураға шағым бергісі келеді.

«Сеземін, қарға қарғаның көзін шұқымайды. Бірақ мен істі соңына дейін жеткіземін” деп қорытындылады Жаннат Берекенова.

Exit mobile version