АТЫРАУДА

КӨКТАЙҒАҚ: Атырауда көліктер соқтығысып жатыр…

Тайғақ жолда көлік игере алмаған 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді.

24 қараша күні ауа райы қолайсызданып, қар жауып, жол тайғақ болып көптеген жүргiзушiлер метерологиялық жағдайға үйренiсе алмай қала аумағында 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы орын алды. Жүршізушілердің басым көпшілігі көлігінің дөңгелегін қысқы дөңгелекке ауыстырмаған.

Мысалы, 24.11.2021 жылы сағат 14:30 шамасында 1993 ж.т азамат басқаруындағы  маркасы Mercedes Benz көлік құралын С.Бейбарыс даңғылымен басқара отырып, метерологиялық жағдайды ескермей, басқару жүйесін игере алмай оң жағында орналасқан дүкеннің шарбақ қоршауына соқтығысқан. Қазіргі уақытта iс-құжаттар жинақталуда.

Сонымен қатар, 24.11.2021 жылы, сағат 20:00 шамасында С.Бейбарыс даңғылы-Ә.Молдағұлова көше қиылысында маркасы Лада 2114 көлік құралы солға бұрылу кезiнде қарама-қарсы келе жатқан маркасы Toyota Alphard көлік құралына жол бермей соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан Лада 2114 көлігінiң жолаушысы 1972 ж.т. азаматша әр-түрлi дене жарақатын алып, облыстық аурухананың травматология бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта iс-құжаттар жинақталуда.

Атыраулық полицейлер ауа райының күрт суытуына, ауа температурасының төмендеуіне байланысты жолда жүру кезінде сақ болуға шақырады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button