АТЫРАУДА

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов «Nur Otan» партиясы облыстық филиалына жүгінген өңір тұрғындарын филиал төрағасы ретінде, жеке мәселелері бойынша қабылдады» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

a9a1ac09 b8aa 4c72 bd04 bf3ea098a5b4

Қабылданушылардан түскен өтініштер бойынша негізінен тұрғын үймен қамту, жұмысқа орналастыру, жол құрылысы, қоғамдық ұйымға орынжай бөлу сияқты мәселелер қозғалды.

Тұрғындардың бірі, мүгедектер қоғамдық қорының төрағасы Р. Т. кеңсесін ғимаратпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ салынып жатқан жер үйінің құрылысын толық аяқтауға көмек беруді сұрады. 

Сондай-ақ, қала тұрғыны А. Ж. Талғайран ықшам ауданы тұрғындарының атынан мемлекеттiк бағдарлама арқылы салынған үйлердiң аулаішілік тас жолының салынуына, интернет желісін жүргізуге ықпал етуді өтінді.

Көтерілген мәселелер бойынша тиісінше жауап берді. Яғни, мүгедектер қоғамына Геолог мөлтек ауданынан кеңсе қарастыруға мүмкіндік бар екендігін, ал талғайрандықтар үшін инфрақұрылым биылғы жыл аяғына дейін шешілетіні айтылды. Сонымен қатар, облыс әкімі басқа да аз қамтылған отбасы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен бизнес өкілдерін қабылдады.Қоғамдық қабылдау соңында өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов тиісті сала басшыларына азаматтардан түскен сауалдарды мүмкіндігінше шұғыл, әрі заң шеңберінде шешіп отыруға және қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button