Site icon Ақпараттық-танымдық портал

ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚОҒАМДЫ ТОПТАСТЫРАДЫ

1651219137 dsc 8421 2

Президенттің қолданыстағы Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу республикалық референдум өткізу туралы ұсынысы – шынтуайтында халықтың талап-тілегі мен сұранысына сай келетін, көптің көкейіндегісін дөп басқан оқиға болды.

Осылайша, мемлекет басшысы халық үнін барлық реформаларды жүзеге асыруда басты фактор және қозғаушы күш ретінде негізге алынатынын да тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Расында да, өткізілгелі отырған республикалық референдум –тәуелсіз мемлекет, егемен ел өміріне оң өзгерістер әкелетін немесе соған кепілдік беретін маңызды да қажетті шара. Ол – азаматтардың конституциялық құқығының орындалуының кепілі, ел болашағы жолындағы, қалаберді қоғам алдындағы үшін зор жауапкершілік, Мұның түпкі мәні – жаңа Қазақстанды қалыптастыру.

            Осы тұрғыда, қоғамда тараптардың бір-бірімен өзара түсіністік және келісім жолымен тіл табысу, диалог мәдениетін жетілдіру, сенімді нығайту мәселелерінің маңызы зор. Осыған арнайы тоқталған мемлекет басшысы: «Біз көзқарастармыз бен наным-сенімдеріміздегі айырмашылықтарға қарамастан, бір-бірімізді түсінуге және құрметтеуге, сыйластықта болуға тиіспіз. Бізді біріктіретін, күшейтетін, үйлестіретін ортақ құндылықтарға ұмтылуымыз қажет. Сол үшін де «Әр түрлі көзқарас–біртұтас ұлт» деген қағидамыз мызғымастай берік, ауыз бірлігіміз мықты болуы шарт» деді.

            Турасында да, тек сонда ғана қуатты мемлекетке, еңселі елге айналарымыз даусыз. Бір сөзбен түйіндегенде, осындай ортақ құндылықтар ғана қоғамды топтастырып, қуатты мемлекетке айналдыратыны даусыз. Осыны әрқайсымыз жете түсініп, үлесімізді қосқанда ғана ортақ мүдде  жолындағы мақсатымызға жетеріміз, оң өзгерістердің куәсі боларымыз күмәнсіз.

Гүлнафис АЙШУАҚОВА,

Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

Exit mobile version