АТЫРАУДА

ҚАЛАЛЫҚ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ МАҢЫ ҚАЙТА ЖИНАЛДЫ

26 ақпан күні әлеуметтік желіде көптеген қоқыс қалдығының жол бойында шашылып жатқаны жөнінде бейнежазба тарады.

«Спецавтобаза» ЖШС мекемесінің айтуынша, 26 қаңтар күні қалалық қоқыс аймағынан жеңіл қалдықтар, басым көпшілігі полителенді пакеттер қатты желдің әсерінен ұшып кеткен. Тура сол күні «Сцецавтобаза» ЖШС қызметкерлері үш рет қоқыс аймағын тазалаған. Алайда, жел әсірінен қоқыстар аумаққа қайтадан шашылған. 27 ақпан күні сағат 10:00-ден бастап тазалау жұмыстары қайта жалғасып, аумақ толық тазартылды.

«Біз қала тұрғындарына пластикалық пакеттерді қолдануды барынша азайтуға шақырамыз. Ең бастысы, мұндай жағдай болмауы үшін қоқысты сұрыптау керек», – деді «Спецавтобаза» ЖШС мекемесі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button