Танымал тележүргізуші Айдай Исаева «Қазақстан Аруы» ұлттық байқауының президенті және жоба беткеұстары болып тағайындалды, depti «Атырау аруы» сұлулық байқауының аймақтық директоры әрі ұйымдастырушысы, Vero Modelz сән студияның директоры Вероника Кошманова.
Жасы 32-де. Мамандығы бойынша дәрігер, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген. Ол «Қазақстан Аруы – 2013» атанғаннан кейін, АҚШ-та өткен «Ғалам Аруы – 2013» байқауында Қазақстанның намысын қорғаған болатын. Ізгі ниет елшісі және «Универсиада-2017» тележүргізушісі болған.
Айдай Исаева қайырымдылық қызметін белсенді жүргізеді. Өнерге қызығып, спортпен айналысады. Күйеуі Мақсатпен үш бала тәрбиелеп отыр.
«Тарихы мен өмірбаяны тереңде жатқан ұлттық деңгейдегі жобаны басқару мен үшін мәртебе», – дейді Айдай Исаева. – Ширек ғасырда Ұлттық сұлулық байқауының сапасы жаңа деңгейге көтерілді. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары бұл тек сұлулық пен сән мейрамы болса, бүгінде «Қазақстан Аруы» өзін белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымы бар жастар қауымдастығы ретінде көрсете білді».
«Қазақстан Аруы» байқауы біраз жылдан бері «Сұлулық мейірімділікте» атты ұранмен өтіп келе жатыр. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған арулар қайырымдылық және әлеуметтік акцияларға қатысып, тұрмысы төмен отбасыларға, қарт адамдарға және балаларға қол ұшын созады. Пандемия кезінде қатысушылар ерікті ретінде жұмыс істеп, денсаулық сақтау жүйесіне көп қолдау көрсетті.
«Біздің байқау – бұл Ұлы дала ұрпағының тереңдігі мен даналығын бойына сіңірген сұлулыққа деген құрмет және мәдени мұраны сақтау мен көбейту жөніндегі жоспарлы тынымсыз жұмыс», – дейді Айдай Исаева.
Сонымен қатар, байқаудың жаңа маусымы басталады, ол бірнеше кезең бойынша өтеді: missqazaqstan.kz ресми сайтында онлайн-өтінім беруден, онлайн-әңгімелесу мен Қазақстан бойынша 30 финалисті анықтайтын кастингке дейін.
«Қазақстан Аруы» Ұлттық Байқауының негізі 1997 жылы қаланған. Бұған дейін жобаны Алена Ривлина-Қырбасова басқарған. Ол қамқоршылық кеңес құрамында қалады. «Қазақстан Аруы» – «Ғалам аруы» (АҚШ), «Әлем аруы» (Ұлыбритания) және «Жер аруы» атты ірі әлемдік конкурстардың эксклюзив лицензияларының жалғыз иегері.