АТЫРАУДА

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ РОЛІ АРТАДЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты XXXI сессиясының жұмысына қатысқан Мемлекет басшысы Ассамблея қызметінің негізін құрайтын басымдықтарды айқындап берді.

Ол саяси реформаларды жүзеге асыру ісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін арттыру.

«Елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің жалпыазаматтық құндылықтарды құрметтеуі және өздерін Қазақстанмен байланыстыруы аса маңызды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы біздің үлкен жетістігіміз. Оны жан-жақты нығайтуға міндеттіміз. Жаңа саяси жағдайда бейбітшілік пен келісімді және халықтың бірлігін аса маңызды санайтын азаматтардың партия ішіндегі дауысына басымдық беріледі» – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент біздің алуантүрлі мәдениетімізді танытатын бірегей ақпаратты кеңінен таратуға, ауқымы кеңейіп келе жатқан қазақтілді аудиториямен тығыз жұмыс істеуге шақырды. Қазақстанның дамуына өзге этностардың қосып жатқан үлесі туралы мемлекеттік тілде айту өте маңызды. Осы бағытта жұмыс істейтін БАҚ-қа қолдау көрсетіледі.

Жақын уақытта жаңа диалог алаңы – «Ұлттық құрылтайдың» алғашқы отырысы өтеді. Бұл жиын елімізді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін қоғамды жұмылдыруға бағытталған.

Қанат ӘЗМҰХАНОВ,

Атырау ооблыстық ішкі саясат басқармасының басшысы

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button