АТЫРАУДА

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕГІ ПАНДУСТАР НЕГЕ ПАЙДАЛАНЫЛМАЙДЫ?

Сыбайлас жемқорлықпен күрес агентігінің жанынан құрылған «Адалдық алаңы»  жүргізген мониторинг барысында мүгедектерге арналған пандустың  пайдалынмағандығын  анықтаған.

 «Бізге өткен жылы арбада отырған бірнеше адам хабарласып: « қоғамдық көліктерді пайдалуға мүмкіндігіміз жетпейді. Пандустар ашылмай, арбамен автобусқа кіре алмаймыз. Аш десек, ашпайды» деген арыз шағымдар түскен болатын. Қазір Атырауда 50 шақты пандусы бар автобус жүріп жатыр. Тексеру барысында, қоғамдық көліктерді басқаратын  7  азамат  пандустың барын білмегендігі анықталды. 3 автобус жүргізушісі арбада отырған азаматтар біздің қызметімізді пайдаланбайды деген уәжін айтты.  Қазір біз бұл бойынша қалалық әкімдікке,  ТКШ бөліміне осы мәселе жөнінде ұсыныстар жіберіп отырмыз.  Стандартқа сәйкес әрбір автопарк пандусы бар автобустарды пайдалану жөнінде нұсқаулық беру керек. Тексеріс барысында нұсаулықтың жүргізілмегендігін  бір жақты азаматтардың айтуы  бойынша білдік. «Smart Atyrau» КММ-нен сұрағанымызда, нұсқаулықтардың барын, күнделікті жұмыстарының көптігін айтып отыр» – depti Атырау облысы «Адалдық алаңының»  жетекшісі Адиева Альфия Дәулетқалиқызы.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button