АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

Құлсарыдағы атысқа қатысты полиция түсінік берді (+ВИДЕО)

Орын алған оқиғаға орай Атырау облыстық полиция департаменті түсінік берді.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, 20 мамырда сағат 23:40 шамасында Жылой аудандық полиция бөлімінің кезекшілік бөліміне белгісіз біреу «Иранбак» дәмханасының алдында өзара дауласып жатқан жасөспірімдер жайлы хабарлаған.

Аталған дерек бойынша бірнеше жасөспірім полиция бөліміне жеткізіліп, олардың ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кетейік, WhatsApp желісінде Құлсары қаласындағы атыс туралы видео тараған болатын. Онда топтасып төбелескен жасөспірімдердің дауыстары мен атылған оққа ұқсас дыбыстар естіледі.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button