Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Құрманғазы ауданындағы қамыс өртіне қатысты ресми жауап берілді

c93e2a99 5459 4d5f 976b f59f2c01729b

Бүгін, 6 қазан күні Құрманғазы ауданы шекарасында қамыс өрті орын алғандығы жөнінде хабарлама түсті. Аталған факті бойынша төтенше жағдай бөлімі қызметкерлері өртті болдырмау жұмыстарына жұмылдырылды.

Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Мақаш, Теңіз ауылдық округтері аумағын барлап, аталған округ әкімдерімен бірлесіп аралап шықты.

Нәтижесінде Құрманғазы ауданы, Мақаш, Теңіз ауылдық округтерінен шамамен 50-60 шақырым қашықтықта қамыс шөптерінің жануы және түтін белгілерінің көрінетіндігі анықталды.

Құрманғазы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Т. Сансызбаевтың айтуынша, қамыс шөптерінің жану ошағы Каспий теңізіне қарай және айналасы қамыс, сулы, батпақты болуына байланысты қайық, көлік құралдары бара алмайтын  болып отыр. Қазіргі уақытта, түтін белгісі азайып, басылуда. Жану белгілері алыста болуына байланысты, айналасындағы елді-мекендерге ешқандай қауіп жоқ екендігі белгілі болды.

Atr.kz

Exit mobile version