Әрбір мемлекеттің басты байлығы оның халқы екені белгілі. Елдің саулығы, әл-ауқатының жақсы болуы, білім алуға, еңбек етуге, демалуға барынша мүмкіндік алуы сол мемлекет саясатының басты бағыты болып табылатыны және рас. Мұндай игілікті негіз біздің Қазақстанға да тиесілі. Дамыған мемлекеттер қатарына кіретін еліміз бүгінде ұлт саулығына байланысты едәуір ұтымды жұмыстар жүргізуде.
Бүгінгі күнде қаржылық дағдарыстың әсері дәрі-дәрмектің қымбаттауына да түрткі болғанын айтып шағымданатындар да аз емес. Өткен жылды еске алсақ елімізде орын алған пандемия жағдайында ауырып ем іздеп, дәріхана есігін тоздырып еміне шипа болар дәрі іздеушілердің қарасы қалыңдады. Осы тұста, облыс деңгейінде ұйымдастырылған мониторинг нәтижесінде, дәрі- дәрмек бағаларының тұрақсыздығы анықталды. Осыған орай, «Атырау- адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тарапынан «Әлеуметтік дәріхана» ашу жобасы кәсіпкерлерге ұсынылып, жүзеге асыра бастады. Бүгінде әлеуметтік дәріхана қызылқоғалық жеке кәсіпкер Нұрлан Сабировтың қолдауымен жүзеге асырылуда.
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру, халық денсаулығын оңалту жайын да қазіргідей дағдарыс жағдайында аудан тұрғындарын сапалы әрі төмен бағадағы дәрі-дәрмектермен қамтудың өте қажеттігі де күн сайын біліне түсуде. Осы орайда, «Атырау- адалдық алаңы аясында қолға алынған дәріханада аудан тұрғындарына дәрі- дәрмек бағасы төменгі бағамен сатылмақ. Соған орай, ауданға қарасты 10 ауылдық округтерден әлеуметтік осал топқа жататан отбасылар тізімі алынып, бүгінде аталған азаматтарға дәрі- дәрмек төменгі бағамен берілуде,- дейді кәсіпкер.