Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Референдумның ашық өтетіні қуантады

1651219715 dsc 7613 2

Ойымды ашық айтсам, мемлекет басшысының  негізгі заңға енгізілетін өзгерістерге қатысты бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсынысын өз басым елдіктің жарқын нышаны, жаңа Қазақстан құруға қадам басқан қоғамның батыл қадамы ретінде бағалар едім.

            Ең бастысы және маңыздысы – бұл Президенттің өзі бастамашысы болып отырған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты іске асырылуына ұмтылыстың айқын көрінісі. Осы орайда, «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауда атап өтілгеніндей, елімізде саяси жаңғырусыз және одан әрі демократияландырусыз прогресс пен ауқымды әлеуметтік-экономикалық қайта құруларға, сапалы өзгерістерге қол жеткізу мүмкін емес.

            Ал, Президенттің пәрменімен, қазақстандықтардың тікелей қатысып, қолдауымен  келешекте Конституцияға енгізілуі күтіліп отырған өзгерістерде зайырлы қоғам құру процесін оңтайландыруға тың серпін және жаңаша леп беретін, ізгілендіруге қарай жетелейтін жағдайлар жасау көзделген, сөйтіп барлық салада алға бастайтын өміршең реформалардың іске асатынына кепілдік берілетіні қуантады.

            Бұлай деуіміздің бірден-бір себеп, «Республикалық референдум туралы» заңға сәйкес, референдумның ашық әрі жария түрде ұйымдастырылып, өткізілетіндігі. Оның үстіне, республика азаматтары мен қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар мен өзге азаматтық қоғам институттары өкілдерінің референдумның күн тәртібіне шығарылған мәселе төңірегінде ойымен ортақтасып, ұсыныс, пікір, тілегін білдіру құқығының берілуі де бұрын-соңды болмаған тың бастама, жағымды жаңалық.

            Сондықтан да оны барша қазақстандықтардың, соның ішінде аудан тұрғындарының да бірауыздан қолдайды, ұтымды ұсыныс, пайымды пікірлерімен бөлісетіндігіне толық сенімдімін.

            Самат ЖАЙЛАШЕВ,

Махамбет аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы

Exit mobile version