АТЫРАУДА

СЕРІК ЕРУБАЕВ NCOC КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЫСАНДАРЫНДА БОЛДЫ

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Серік Ерубаев жұмыс сапары аясында NCOC өндірістік нысандарында болып, Солтүстік Каспий жобасында жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысты. 

Қонақтарды компанияның басқарушы директоры Оливье Лазар мырза мен басқарушы директордың орынбасары Ермек Марабаев бастаған NCOC өкілдерінің тобы қарсы алды. Делегация D аралында, теңіз түбін тереңдету жұмыстары жүргізілетін орында, «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында, Солтүстік Каспий мұнай төгілімдеріне ден қою экологиялық базасында (СКДЭБ), сонымен қатар Қашаған кен орнының шикі газын өңдейтін қуаты 1 млрд текше м газ өңдеу зауытының (ҚазТрансГаз) құрылыс алаңында болды.

Презентация барысында жұмыс сапарына қатысушылар теңіз түбін тереңдету жұмыстары жобасымен, сонымен қатар Солтүстік Каспий жобасы шеңберінде жергілікті қамтуды дамыту саласындағы жетістіктермен егжей-тегжейлі танысты.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button