Шекаралық аймақтағы заңды білесіз бе?

img 20211110 wa0023

Еліміздің көптеген аймақтары шекара шебіне жақын орналасқан. Жергілікті тұрғындар шекара маңында жүретін қарапайым қағидаттарды ұмытып жатады.

Кейбіреулері тіпті білмейді. Дегенмен шекара аймағының өзіндік режимдері бар. Яғни жағадан, теңізден мемлекеттік шекарадан 25 км аралық  ішінде кез келген жан адамның жеке басын куәландыратын құжатпен жүруі міндеттеледі. Немесе шекара рұқсаттамасымен жүруі шарт болып табылады. 

Жоғарыда айтылған қағидаттарды бұзған бірнеше адам қолға түсті. Олар Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданы Жыланды ауылдық округіне жақын орналасқан  шекара сызығына 1000-1500 метр шамасында жүргені анықталды. ҰҚК ШҚ Атырау облыстық департаментіне қарасты «Сазды» шекара бөлімшесінің басшылығымен шекара режимін бұзған (құжатсыз шекара белгісіне жақын жүрген) төрт Қазақстан азаматы құрықталды. Ұсталған азаматтарға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзу кодексінің 510 бабы 1- бөлігі бойынша 5 айлық есеп көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. 

Осы мақсатта шекара белгісіне жақын жүрген немесе сол маңда тұратын әр бір азамат шекара аймағының өзіндік режимдерінің сақталуы барысында жеке басын куәландыратын құжаттарын алып жүруі тиіс. Естеріңізде болсын заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: