Атырау облысы полиция департаменті хабарлайды:
16 наурыз күні сағат 08:30 шамасында Атырау-Индер тас жолында Toyota Camry автокөлігі жолдың қарсы бағытына шығып маркасы Skoda қызметтік көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 адам әр түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Toyota Camry көлігіндегі жолаушыларды шығару үшін Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.