Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 11 жасар Әмірхан ШОҚПАРОВТЫҢ аман-есен Атырауда, Сәтпаев даңғылы бойынан табылғанын хабарлады. Бала ата-анасына табысталды.
Естеріңізге салсақ, 7-сынып оқушысы Әмірхан Шоқпаров 26 ақпанда Привокзальный ықшамауданындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмағаны осыған дейін хабарланған еді.